Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжіндегі Білім күні: 60-оқу жылының салтанатты ашылуы және бірінші курс студенттері үшін білім кілті

Ақтөбе жоғары техникалық колледжінде білім күніне арналған “Білім күні.Бейбітшілік күні” салтанатты шарасын өтікізіп,60-оқу жылын бастады.
Алғаш рет колледж табалдырығын аттаған 1-курс студенттері үшін салтанатты шараға Облыстық білім басқармасының, Кәсіптік және техникалық білім беру бөлімінің басшысының м.а. Биманова Айнур Ерболатовна арнайы келіп, құттықтауын жолдады. Жиын барысында, колледж басшысы Мухамбетпаизова Женискул Сагидоллаевна әріптестерін, студент жастар мен ата-аналарын жаңа оқу жылымен құттықтады.
Әрі қарай , мың бұралған бишілер мен әуелеген ән шырқалып өнерлерін ортаға салды.
Шара барысында колледж белсендісі,4 курс студенті Жеңіс Жансерік білім кілтін бірінші курс студентіне табыстап,жоғары буын студенттері атынан тілегін білдірді.
Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің білім алушыларының таңдауын жоғары бағалай отырып, болашақта жоғары кәсіби білікті маман ретінде қалыптасатындарына сеніміміз мол.
#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_ақтөбеоблысы
@aqtobe_bilim_basqarmasy
@sjh190624

https://www.instagram.com/reel/C_XlrmOsw_p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==