Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Халықаралық жастар форумы-2024

Өзбекстанда “Халықаралық жастар форумы-2024” өтті. 25-30 маусым аралығында елдің Самарқанд, Бұқара, Хоррезм, Жизақ, Ташкент қалаларында өткен халықаралық форумның бұл күнгі тақырыбы – БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған жастар стратегиясын жүзеге асыруда жастардың ынтымақтасуына мүмкіндік беру.
Халықаралық форум 3 тілде өтті – ағылшын, орыс, өзбек.

Аталған форумға Ақтөбе жастарының атынан қалалық жастар ресурстық орталықтың бөлім басшысы Жақсылықов Еркебұлан Мұхтарұлы және Ақтөбе жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушысы Дилмагамбетов Алишер Серикулы қатысты.