Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқу-әдістемелік кабинеті және «Рухани жаңғыру» жобасы шығармашылық тобы колледжішілік колледж оқытушылары арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру - жас ұрпаққа білім беру саласындағы ұлттық және рухани құндылықтардың алатын орны» атты «Үздік мақалалар» байқауын өткізген болатын.
Бұл байқаудың мақсаты:
-Оқытушылар арасында шығармашылық белсенділікті арттыру және ізденушілік қабілеттерін шыңдау;
Байқаудың міндеттері:
-Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында оқу процесінде жасалынып жатқан дұрыс шешімдер және жұмыстармен таныстыру;
- оқытушының шығармашылық әлеуетін арттыру:
- маңызды кәсіби нәтижелерді презентациялау арқылы шығармашылықпен жұмыс жасайтын оқытушыларды анықтау және қолдау;
Байқауға тапсырылған материалдар мына бағалау өлшемдері арқылы сараланды:
- Тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы;
- Шығармашылығы мен ізденісі;
- Ойдың дербестігі;
- Байқау тақырыбына сәйкестілік;
- Автордың өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы;
- Орындалу ұқыптылығы;
Байқау қорытындысы:
1 орын- Алашбаева Г.С., Адилканова Г.Б. «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» 2 орын – Муханбетова Р.Ж., Утеулиев Е.Б. Арнайы пәндерді оқытуда пәндік-тілдік кіріктірілген оқытуды (CLIL) қолдану
3 орын – Миранбекова Г.А. Рухани жаңғыру - өскелең ұрпақтың рухани бағдары
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!



