Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Медициналық қызмет көрсету

photo
photo

Боранкулова Таланды Хамзиновна

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің медпункт фельдшері

Медициналық лицензия

Медициналық пункттің негізгі міндеттері::

Колледж студенттері мен қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ профилактикалық іс-шаралар өткізу.

Медициналық пункт мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес мыналарды жүзеге асырады:

Жарақаттар, жіті аурулар, уланулар кезіндегі шұғыл көмек, Дәрігерге дейінгі Алғашқы көмек;

Профилактикалық және сауықтыру іс-шараларын әзірлеу және өткізу;

Есепке алу-есеп беру медициналық құжаттамасын жүргізуді жүзеге асырады;

Санитарлық-гигиеналық білім мен салауатты өмір салтын насихаттайды;

photo

Медициналық пункт білім беру ұйымдарында өткізілетін барлық медициналық іс-шараларға белсенді қатысады және толық жауапты болады, жаңадан оқуға түсетін талапкерлерден 063-нысанның (профилактикалық екпелер картасы) және 086-нысанның/у медициналық анықтаманың болуын талап етеді.

Профилактикалық егулердің жоспарын жасайды;

Жастар арасында салауатты өмір салтының негіздерін насихаттауды, темекі шегудің, алкогольді, есірткіні және басқа да психоактивті заттарды қолданудың, олардың физикалық белсенділігін арттырудың алдын алу шараларын жүзеге асыруды жүргізеді. АИТВ/ЖИТС, тері-венерологиялық және басқа да инфекциялық-паразиттік аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізеді.

Колледж студенттері мен қызметкерлері арасында жыл сайынғы жоспарлы медициналық тексерулер, флюорографиялық тексеру, профилактикалық егулер жүргізіледі.

Медициналық пункттің мақсатты жұмысы студенттердің денсаулығын сақтау бойынша стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.