Гинекологпен кездесу

Үстіміздегі жылдың қараша айының 14-де Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің қыз балалары қалалық  №1 емхананың балалар гинекологы Есеркепова Алтын Сериковнамен кездесу өткізді. Кездесу барысында қыз балаларға,жасөспірімдерге жүктіліктің алдын-алу,өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау секілді қыз бала болашағына үлкен көмегін тигізер маңызды әңгімелер айтылды. Сауатты елдің салауатты ұрпақтары көптеген сұрақтарына жауап ала алды.