“Қашықтан оқыту” шебер сынып

13.11.19 күні  «Қашықтан оқыту» бойынша  шебер сынып өтті.   Шебер  сыныпты  колледждің  АКТ  әдіскері   Сакебаева  Нұрсұлу Бөрібайқызы  өткізді.    Шебер сыныптың  мақсаты- дуальды жүйеде оқитын студенттерге қашықтан оқытуды ұйымдастыру. Moodle сайтында оқытушылар өздерінің  оқу-әдістемелік материалдарды  қосу  және сайтқа кіру жолдары көрсетілді. Сонымен  қатар студенттердің   білімдерінің бағалау жолдары   және қалай жүктейтінін көрсетті.  Кәсіптік  модуль бойынша  материалдардың  салынуы  түсіндірілді.  Оқытушылар  өз беттерімен компьютерде Moodle  сайтына  кіріп, материалдарын  салып  үйренді. 
Шебер  сыныпқа  қатысқан  оқытушылар:
Қайжанова Г.- «Техникалық  мамандықтар» ЦӘБ;
Бижанова А.-«Әлеуметтік-психологиялық қызмет» ЦӘБ;
Турланова Ж.- «Әлеуметтік-психологиялық  қызмет» ЦӘБ;
 Салиева А.-«Жалпы білім беру пәндері» ЦӘБ;
Төребек Д.-«Ақпараттық  технологиялар» ЦӘБ.
Жоғарыдағы  оқытушылар шебер  сыныпқа қатысып, тәжірибе алмасып,  әдістемелік  көмек алды.