«Ағылшын тіліне бір кеңес» атты облыстық дөңгелек үстел

Бүгін, 2019 жылдың 11-ші қарашасында 110 кабинетте С.Бәйішев ат. АОӘҒК жанынан ашылған Ақтөбедегі Америка Бұрышымен бірігіп «Аударма ісі» ЦӘБ-нің оқытушылары «Ағылшын тіліне бір кеңес» атты облыстық дөңгелек үстел өткізді. Аталған шарада Америка бұрышында өткізілетін барлық жұмыстармен таныстырылып, шараға қатысқан студенттерге әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Ойын жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды. Шараға «ЖБПП» бөлімінің оқытушылары қатысты. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.