Колледжішілік семинар «ТжКББ ұйымдарының оқу үрдісіне оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізу механизмі»

    «Колледжде кредиттік-модульдік оқыту жүйесін енгізу» жобасы аясында 2020-2021 оқу жылына кредиттік-модульдік  технология бойынша колледжішілік семинарларды өткізу жоспары бекітілді.

      2020 жылғы 17 қарашада циклдік-әдістемелік бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары үшін «ТжКББ ұйымдарының оқу үрдісіне оқытудың кредиттік-модульдік технологияларын енгізу механизмі» тақырыбында семинар өтті.

      Семинар барысында колледж әдіскері С. Ескалиева, директордың ОІЖ орынбасары Г. Жумагазина оқытудың кредиттік-модульдік технологияларының артықшылықтары,  енгізу механизмі, кредитті оқыту технологияларына ауысудағы шетелдік тәжірибе,  ECVET Европалық кредиттік жүйе ерекшеліктері туралы баяндады.

Оқу-әдістемелік кабинет