“Колледж студенттерінің кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру” облыстық онлайн конференциясы

     2020 жылдың 12 қарашасында “Есеп және аудит” ЦӘК оқытушыларымен “колледж студенттерінің кәсіпкерлік құзыреттілігін қалыптастыру”облыстық онлайн конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға “Атамекен” кәсіпкерлік палатасының, облыстық ғылыми-практикалық орталықтың өкілдері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ облыстың ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Конференцияның мақсаты:

– колледждің стратегиялық мақсаттарына сәйкес кәсіпкерлік білім беру саласындағы саясатты іске асыру, кәсіпкерлік экожүйені және кәсіпкерлік ойлауды дамыту.

– өз бизнесін құру және дамыту, кәсіпкерлік және жеке құзыреттерін қалыптастыру арқылы студент жастар арасында кәсіпкерлік мүмкіндіктерді кеңейту;

– Тәжірибе алмасу және жеке кәсіпкерлік ретінде тиімді жұмыс тәжірибесін тарату.

Конференция барысында кәсіпкерлікке бет бұрған колледжіміздің түлегі А. Ялгашбаева, бұрынғы әріптестеріміз Ж. Омарова, Г. Туремуратова және жеке кәсіпкер Р. Жарылгасинова өз тәжірибелеімен бөлісіп, ұтымды кеңестерін берді.

Оқу-әдістемелік кабинет

PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com