«Ақтөбе металл құрылымдарының зауыты» АҚ-ның өндірістік тәжірибе базасымен танысу

Қыркүйек айының 23 жұлдызында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің өкілдері институциалдық аккредитация комиссиясы мүшелерімен бірге «Ақтөбе металл құрылымдарының зауыты» АҚ-ның  өндірістік тәжірибе базасымен танысу мақсатындамекемеге барды. Қазіргі таңда бұл мекемеде 1014000 «Машина жасау технологиясы» мамандығының 4 курс студенттері дуалды оқыту жүйесі бойынша жұмыс жасауда.