Кәсіпкерлік – табысқа жетудің жолы

16.09.2020 жылы «Жалпы білім беру» бөлімінің «Экономикалық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен «Бизнес мектебі» және «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» курсының аясында  «Кәсіпкерлік – табысқа жету жолы» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингке колледжіміздің 102Б, 104ИС, 204АС, 209АС топтарының студенттері қатысты. Семинар-тренингтің қонағы – «Ask Project 1»  ЖШС-нің басшысы, тәжірибесі бар кәсіпкер Сейтжапарова Айгуль Абдулаевна  табысқа жетудің қыр-сырымен бөлісті. Тәуелсіздікке қол жеткізіп, өз бизнесін дамыту үшін ең бастысы ерік-жігер мен ниет, білім керектігін түсіндіре отырып, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, ақыл кеңесін берді.

PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com