Халықаралық деңгейде тәжірибені тарату

        Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің әдіскері Салтанат Бақытқызы Есқалиева және Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ физика-математика факультетінің деканы, п. ғ. к. Асқар Тоқпанұлы Аймукатовттың “Педагогтердің біліктілігін арттыру: дәстүрден инновацияға дейін” атты авторлық жұмысы 2020 жылы “Lambert” халықаралық баспанан жарияланды. Кейін аталмыш жұмыс 8 тілге (ағылшын, неміс, француз, поляк, португал, испан, итальян, нидерланд) аударылып, Еуропалық Одақтың Sciencia Scripts Халықаралық кітап маркеті арқылы халықаралық деңгейде таратылымға шықты.

Әріптестерімізді жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз. Алдағы уақытта жаңа идеялар мен шығармашылық табыстар тілейміз.

Оқу-әдістемелік кабинет

PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com