«Нзарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлік курстары

2020-2021 оқу жылынан бастап ТжКББ ұйымдарында жалпы білім беру пәндері жаңартылған мазмұнда оқытылады. Осыған байланысты 2020 жылғы 17 шілдеден 08 тамыз аралығында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушылары: Есқалиева Салтанат Бақытқызы, Құлжанов Асылхан Бергенбайұлы, Кобдабаева Шынар Амангелдіқызы ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының бағдарламасы бойынша әзірленген, тренерлік курстардан өтті. Курс соңында тренер сертификаттарын алды.

 Аталған оқытушылар 2020 жылғы 10 тамыздан 26 тамыз аралығында онлайн режимінде өңір колледждерінің оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізді.

 

Оқу-әдістемелік кабинет