PISA бағдарламасы бойынша «Оқушылардың шығармашылық ойлауын, математикалық және оқырман сауаттылығын дамыту» “біліктілікті арттыру курстары

     “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы 2020 жылғы 07.07 – 26. 07.2020 аралығында ТжКБ оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Курс тақырыбы PISA бағдарламасы бойынша «Оқушылардың шығармашылық ойлауын, математикалық және оқырман сауаттылығын дамыту».

    PISA-бұл қатысушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарлама, әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың функционалдық сауаттылығын және білімдерін практикада қолдана білуін бағалайтын тест. Үш жылда бір рет өтеді. Тестке 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатысады. Ол 1997 жылы жасалған, алғаш рет 2000 жылы шыққан. Аталмыш біліктілік арттыру курстарына колледждің келесі оқытушылары  қатысып, сертификаттарын алды:

  1. Сакебаева Нұрсулу Боребаевна-физика
  2. Итибаев Батанияз Қуанышбекұлы-математика
  3. Баян Қазтуғанқызы Костанова-математика
  4. Тулаева Сандугаш Кереевна-математика
  5. Джукетаева Ақгүл Таңатарқызы – география

 

Оқу-әдістемелік кабинет