Ұстаздық шеберліктің беделі

Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің студенттері Тағабергенова Айсұлу, Сайлыбай Ғасыржан, Советова Томирис «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» атты республикалық байқауға қатысып, жүлделі орын иеленді. Еліміздің білім және ғылым саласының дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін аталған студенттердің жетекшілері – «Жалпы білім беру пәндері» бөлімінің оқытушылары Г.Алашбаева мен Г.Адилканова «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының Алғыс хатымен марапатталды.

Колледж білім алушылары мен оқытушыларды осы марапаттарымен құттықтаймыз!