БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ОНЛАЙН КУРСТАРЫ

ТжКБ ұйымдарының оқытушыларына кәсіби көмек ретінде «Talap» КЕАҚ Оқу-тернингілік орталығы «Қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру» және «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы қашықтықтан оқыту: мазмұнды құрудан бастап оқу процесін ұйымдастыруға дейін» 36 сағаттық қашықтықтан оқыту курстарын ұсынады. ТжКБ жүйесінің әр оқытушысы курсты өз бетінше өтіп, қорытынды тестті тапсырып, сертификат ала алады. Курстардың мақсаты мен міндеті – қашықтықтан оқыту жағдайында студенттердің өз бетінше жұмысын қалыптастыру үшін қажетті біліммен қамтамасыз ету, студенттердің оқу материалдарын сапалы меңгеруіне және оқу тапсырмаларын орындауына ықпал ететін белсенді оқыту әдістерін меңгеруге әдістемелік көмек көрсету.
«Экономикалық пәндер» ЦӘБ
Есетова М.К., арнайы пәндер оқытушысы,
«Talap» КЕАҚ штаттан тыс тренері