Студенттердің сайлау комиссиясымен кездесуі

Патриоттық тәрбие және азаматтық жауапкершілік мақсатында Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жездіғұл Исмагуловна Мұхановамен ересек студенттердің кездесуі өтті. Колледж студенттеріне Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы”Конституциялық заңына сәйкес олардың құқықтары түсіндірілді.”