Кәсіби модульдерді оқытуда АКТ технологияларын қолдану

 2020 жылдың 22 ақпан күні «Экономикалық пәндер» ЦӘБ оқытушысы Есетова Мира Климовна КM 03 «Кәсіптік қызметте менеджмент және маркетинг негіздерін қолдану» кәсіби модулін оқытуда АКТ технологиялары мен CLIL әдістемесінің элементтерін қолдана отырып ашық сабақ өткізді.

Сабақ барысында инфографикада (www.canva.com/design) жасалған презентация қолданылды; үй тапсырмасын тексеру үшін студенттер https://quizizz.com/ қосымшасы бойынша викторина өткізілді; жаңа материалды түсіндіру «Менеджердің жұмыс күні» іскерлік ойынымен жалғасып, студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде түйіндемелер жасады; www.triventy.com сайтында тестілеу арқылы жаңа сабақ бекітілді.

Сабаққа арнайы пәндер оқытушылары ТУлегенов Т.И., Ерекешев К.М. қатысты.