«Өзің таңдаған өмір»

2020 жылдың 13 ақпан күні 201Б тобында жетекшісі Есетова М.К., колледжде тәжірибеден өтуші Мөлдір Мулдагазина  «Өзің таңдаған өмір» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.

          Тәрбие сағаты тренинг түрінде өтіп, студенттер жан-жақты ашылып, өмірді тануды – өзіңді танудан бастауды үйренді.

Сабақтың мақсаты: өмірге құштарлықтарын арттыру, өзінде бар құндылықтарды анықтай білу, бағалай білуге үйрету. Өзін-өзі іштей бақылауға, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

Сабақта сұрақ – жауап, өзіндік ізденіс, мысал қоя іздендіру, салыстыру, топтау әдістері қолданылды.