Тарихи-өлкетану мұражайы

17.01.20 206 ис тобының студенттері, куратор Бахитжанова М. Б. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайына (мәдени — ағарту мекемесі) келушілер. Мұражай 1929 жылы құрылған. Студенттерге өте ұнады табиғат, археология, сәулет және этнография бөлімдері бар. Мұражайдың экспозицияларында: өңірдің пайдалы қазбалары, топырақтары, флорасы мен фаунасы, Елек өзенінің жағалауынан табылған жануарлардың қазба қалдықтары, археологиялық олжалар, тұрмыстық заттар және т.б. ұсынылған. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетінің үлгілері: “Қобыланды”, “Айман — Шолпан”, “Қыз Жібек” шығармалары, Қорқыт, Асан Қайғы, Шернияз-ақын туралы мәліметтер кеңінен ұсынылған. “Алаш” ұлттық-демократиялық қозғалысы, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы құжаттар қойылды. Студенттер мұражайға қызығушылықпен барып, көптеген фотосуреттер жасады.