Өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясы

09.01.2020 жылы 1305000 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 307 АС тобына өндірістік тәжірибесі бойынша қорытынды конференциясы өтті.

Қорытынды конференцияға колледждің бас директорының ОӨІЖ орынбасары Кыдырбаев Т.У., ОӨІЖ әдіскері Каналин К.С. және «Керуен Сити» ЖШС-ның инженері Ратов С.қатысты.

 Конференцияда студенттер тәжірибе бойынша есептерін қорғады. Тәжірибе өткен орындарын таныстырды, мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен бірігіп орындалған жұмыстарын жөнінде айтты. Соңында өндірістік тәжірибе кезінде үйренген жұмыстарын айтып, қорытынды жасалды.