26.12.2019 жылы Алманиязова Айнагул Сериковна физика пәнінен АКТ (Quizlet программасымен) қолдану арқылы 101 Б тобында ашық сабақ өткізді.
Сабақ тақырыбы: “Электр заряд. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон Заңы”.
Сабақ CLIL технологиясы және АКТ қолдану арқылы өткізілді.
Сабақтың мақсаты: студенттердің электр зарядының түсінігін қалыптастыру .
Сабақтың міндеттері:
Оқыту-алған білімдерін өткен тақырыптармен ұштастыра отырып практикада бекіту, ойын элементтерін пайдалана отырып, студенттердің білімін тексеру;
Дамытушы-логикалық ойлауды, еріктілікті, ғылыми дүниетанымды, қабілеттер мен белсенділікті, танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбие-ақпараттық мәдениетке, ұқыптылыққа және ұжымдастыққа, этика ережелеріне ықпал ететін дамыған шығармашылық қабілеті бар студентті тәрбиелеу.
Оқушылардың жұмыс жүйесі:
Оқушылар сабақтың әр кезеңінде өте белсенді және ұйымшыл болды, мұғалімге мейірімді болды, білімді шығармашылық қолдану, өз бетінше қорытынды жасау дағдылары мен іскерліктерін көрсетті.
Сабақтың жалпы нәтижелері:
Сабақтың жоспары толық орындалды, жалпы білім беру, дамыту мақсатын тәрбиелейтін іске асырылды. Үй тапсырмасы тақтада тіркелген.
Менің ойымша: сабақ эмоциялық болды, екпін мен ырғақты оңтайлы болды, оқушылармен қарым-қатынас жасады, тілектестік атмосферасы үстем болды,әр оқушы белсенді қатысты, өйткені оқушылар телефондарды қолдандынып, ішінде Quizlet программасына кіріп, тесттерге және сұрақтарға жауап берді.
![](https://ahpc.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/7a0b2afb-8fea-4d2e-8025-07a4ec1080dc-1024x768.jpg)
![](https://ahpc.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/5de1ff7c-d3dd-433a-bb35-fba8eebb2640-1024x768.jpg)
![](https://ahpc.edu.kz/wp-content/uploads/2019/12/79790511-9251-4d5d-833f-dd88d039d76e-1024x768.jpg)