«Жас программист» жарысы

2019 жылдың 25 желтоқсанында «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттері арасында «Жас программист» жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: студенттердің білімін тексере отырып, мықты программистерді аңықтау. Жарыс бірнеше этаптан тұрды. Студенттер Kahoot онлайн сервисі арқылы топ болып сұрақтарға жауап беріп сайысты. Google Drawing сервисі арқылы берілген тапсырма бойынша блок-схемалар құрды. Соңғы этапта студенттер есептер шешіп, бағдарламалау тілдерін жетік меңгергендерін көрсеттті. Жарысқа төраға болуға «Актобе LETS»  ЖШС директоры Ниязов Б.У. келді.
Жарыс нәтижесі:
I орын – «SQRT» командасы.
II орын – «А» командасы.
III орын – «Инжир» командасы.
Жарыстың комиссия мүшелері:
Жарыстың төрағасы – Ниязов Б.У. «Актобе LETS»  ЖШС директоры;
Қылышбаева Қ.М. – «Ақпараттық жүйелер» бөлімінің меңгерушісі;
Сакебаева Н.Б. – АТ әдіскері;
Исмагулова Н.К. – «Ақпараттық технологиялар» ЦӘБ-ң төрайымы;
Домақов Е.Т. – арнайы пән оқытушысы;
Марат Г.М. – арнайы пән оқытушысы.
 
Ұйымдастырушылар: Қобдабаева Ш.А., Тулегенова Ж.Н., Насыров Ж.