21.12.2019ж. «Автоматтандыру және басқару» бөлімінде «WorldSkills Казақстан» аясында «Электр монтаждау» құзыреттілігі бойынша колледж ішілік байқау өткізілді.
Ұйымдастырушылар: Е.Утеулиев, Г.Сәлімкерей, С.Сукенов,  Ғ.Ізімов,  Г.Айтказиева ,Н.Сейлова, А.Тоймагамбетова
Байқау мақсаты – студенттерге теориялық білімді меңгерту, мамандық бойынша жұмыс дағдыларына ие болу, алдыңғы қатарлы жұмыс әдістерін енгізу, жұмыс сапасын жоғарлату.
Байқауға 201 ЭЛ,301 ЭЛ, 303 ЭЛ, 304 АС, 403 ЭЛ топ студенттері қатысты. Байқауға 5 сағат уақыт берілді.
Байқауды саралауға ЖШС «АЭМК Жарық» директоры Бекмуратов Нуржан Бекмуратұлы,
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Утеулиев Ерлан Бактыбаевич шақыртылып қатысты. Байқау өте жоғары деңгейде өтті.
1-ші орынды 304 АС тобының студенті- Заверталюк Игорь, 2-ші орынды 301 ЭЛ тобының студенті- Аманалыұлы Қайрат, 3-ші орынды 403ЭЛ тобының студенті Акмурзаев Бауржан иемденді.
PHP Code Snippets Powered By : XYZScripts.com