Көшбасшылық сағаты

Бүгін,Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған “Көшбасшылық” сабағы өткізілді. Студенттермен сыр-сұқбатқа келген колледжіміздің түлегі Олимпиадалық резервтік бокстың облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Галиб Мусаевич Джафаров Ұлт көсбасшысының еліміздің тұрақты дамуы мен тәуелсіз мемлекет болыпқалыптасуындағы еңбегін жалпы ерлік,ұлттық рух,намыс пен адалдық жөнінде кеңінен әңгімеледі.