Өндірістік тәжірибенің қорытынды конференциясы

 2019 жылдың 28-ші қарашасында 1401000 «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығының 402 С пен 404 С студенттерінің өндірістік тәжірибесі бойынша қорытынды конференция өтті.

Конференцияда студенттер тәжірибе бойынша есептерін қорғады. Тәжірибе өткен орындарын таныстырды, мекемедегі тәжірибе жетекшілерімен бірігіп орындалған жұмыстарын жөнінде айтты. Соңында өндірістік тәжірибе кезінде үйренген жұмыстарын айтып, қорытынды жасалды.

Қорытынды конференцияға колледждің бас директорының ОӨІЖ орынбасары Кыдырбаев Т.У., «Техникалық мамандықтар» бөлімінің меңгерушісі Абиева Ж.Ш., өндірістік оқыту шебері Абдримова Т.К. және топ жетекшілері И.И.Бедная және И.А.Аксенова қатысты.