«Кәсіпқор» Холдингі»

2019 жылдың 28 қазан – 8 қараша аралығында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің базасында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ инженерлік-пежагогикалық қызметкерлері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары үшін келесі бағыттар бойынша халықаралық талаптарына сәйкес біліктілікті арттыру курстары өткізілді:
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын іске асыру;
Білім беру ұйымдары,оқу-әдістемелік кабинеттер, оқу-әдістемелік орталықтар әдіскерлерінің және облыстық білім басқармаларының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімдері қызметкерлерінің қызметіне инновациялық білім беру технологияларын енгізу;
WorldSkills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру және өткізу процесінің негізгі аспектілері.
Барлығы Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 61 инженерлік-педагогикалық қызметкері қамтылды. Сабақтарды штаттан тыс тренерлер Есетова М.К., Жубандыкова Ж.У., Мукашева А.С. жүргізді.
Оқыту және курстық жобаларды қорғау нәтижелері бойынша курс тыңдаушыларына сертификаттар берілді.