Оқу практикасы: келісілген оқу жұмыс жоспарымен өткізілді, студенттер практика соңында комиссия мүшелерінің алдында біліктілік емтиханын тапсырды, комиссия мүшесіне ретінде мекемелерден мамандар шақырылады және практиканың соңында Мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмысшы мамандықтарын алады. Сонымен қатар, студенттеріміз тәжірибе уақытында жетекшілерімен бірге мекемелермен танысу, жұмыс барысын көру үшін экскурсияларға барып тұрады және мекемелерден мамандар келіп белгілі уақыт шамасында тәжірибе сабақтарын өткізеді.
Экскурсия сәті
«Керуен Сити» АҚ-ның инженері С.Ратов және «Тенгизшевройл» ЖШС-ның инженері Шакиров М.
«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның химиялық лоборанты Каплиева М.
Өндірістік практика: жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес бекітілген конференция ұйымдастырылады, содан кейін үш жақты келісімшартқа сәйкес студенттер практикадан өтеді. Өндірістік практика мекеменің негізгі ережесімен және өндірістік практиканы өткізуде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016ж. 29.01.№ 107 бұйрығы негізінде орындалады.
Өндірістік практика оқу жұмыс бағдарламалары және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу, өндірістік, дипломалды практикамен анықталады. Әр практика түрінің өз мақсаты мен негізгі міндеттері бар. Циклдік – әдістемелік комиссия отырысында өндірістік практиканың жұмыс жоспары қаралады.Практика аяқталғаннан кейін қорытынды конференция өткізілді, студенттер практика соңында біліктілік емтихан тапсырады, комиссия мүшесі ретінде әрбір мамандықтан мекеме өкілеттері шақырылды және емтиханнан алған бағаға сәйкес қорытындысы негізінде жұмысшы мамандықтарын алады.
Дипломалды практика: дипломалды практика өндіріс өкілдерімен және колледж директорымен келісіліп бекітіліп, өткізіледі. Колледж студенттерінің Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары мен мекемелерінде өндірістік тәжірибе өтуін талдай отырып, студенттер төмендегі мекемелермен келісім шарт негізінде практикадан өтуге жіберілгендігін айтқымыз келеді: Бұл мысалы «СНПС-АМГ», «АЗНО», ЖШС «КТП», «Ақтөбе ТЭЦ», «ТНК-Казхром» АҚ ДГОК, «АЗХС», «ИнтергазАЗИЯ», «КМК Мұнай», ЖШС «Актюбглавснаб», «Қазтелеком» АҚ, «Ақбұлақ» АҚ.