IMG_3821

 

Боранкулова Таланды Хамзиновна

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің медициналық пунктінің фельдшері

 

 

Колледж қызметкерлері мен студенттеріне медициналық қызмет көрсету    № 11197DD 12.02.19 ж. лицензия негізінде медициналық кабинетте жүзеге асырылады.

Медициналық қызмет көрсету, алдын- ала қарау және ем-дом жасау кабинеттерінен құралған медициналық пунктте жүргізіледі. Медициналық пункт барлық қажетті медициналық инвентарьлармен және алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге арналған  дәрі –дәрмектер жиынтығы бар, құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Медициналық пункттің негізгі міндеттері болып табылады::

Ø колледж қызметкерлері мен студенттеріне алғашқы дәрігерлік көмек көрсету, сонымен қатар алдын-алу шараларын жүргізу.

Мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес медициналық пункт жүзеге асырады:

  • жарақат алған жағдайда, жедел ауруға ұшырағанда , улану жағдайда,алғашқы дәрігелік көмек көрсету, жедел жәрдем жіберу;
  • сауықтыру және алдын-алу шараларын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • медициналық құжатнамаларды есепке алу және тексеруді жүзеге асыру;
  • санитарлық – гигиеналық білімдерін жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау;

·         білім беру ұйымындағы өткізілетін барлық медициналық шараларға толық жауапкершілігіне алу және белсене қатысу ,оқуға түсуші талапкерлерден №063 формасы (егілу картасы) мен №086/у (медициналық анықтама) формаларын талап ету;

·         жоспар арасында салауатты өмір салттының негіздерін насихаттау,олардың белсенділігінің артуына әсер ететін, шылым шегу, ,ішімдікті пайдалану , нашақорлықпен әуестену және басқа да психобелсенділігін арттыратын заттарды қолданудың алдын -алу шараларын жүзеге асыру;

·        СПИД-ВИЧ –тің алдын- алу,тері –венерологиялық және басқа да инфекциялық-паразитарлық аурулардың алдын-алу шараларын өткізу;

·        жыл сайын колледж қызметкерлері мен студенттері арасында жоспарлы дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру,флюорогрофиялық тексеру,алдын-алу,егу жұмыстарын жүргізу;

Медициналық пункт жұмысының алға қойған мақсаты студенттердің денсаулығын сақтау және нығайтуға байланысты стратегиялық міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді..