2024 жылдың 20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың Ақтөбе облысының білім саласының өкілдерімен кездесуі өтті.
Шара аясында Министр облысымыздың педагог-шеберлеріне жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісін салтанатты түрде табыс етті.
Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің химия пәнінің оқытушысы, педагог-шебер Казкеева Гульжанат Нагашыбаевна және арнайы пәндер оқытушысы, педагог-шебер Есетова Мира Климовна марапатталды.
Әріптестерімізді құттықтаймыз!