Отбасы құндылығы-отбасы мүшелерінің өзара байланысы. Отбасы құндылығының орны ерекше оны ешқандай затпен салыстыруға келмейді. Адам баласын қалыптастыруда отбасы тәрбиесі ғана емес, араласатын ортасы да үлкен рөл атқарады. Дегенмен де, бала санасы отбасында қалыптасатындықтан, отбасы тәрбиесі өте маңызды.Ұлтымыздың болашағының жарқын болуын,ешкімге бағынбайтын еркін болуын қаласақ, отбасында бала тәрбиесіне аса мән берілу керек. Себебі отбасы маңыздылығын түсіне білген азамат қана өз ұлтына, болашағына ерекше көзқараспен қарай алады. Отбасы және отбасылық құндылықтар – кез келген адамның өмірі қалыптасатын ең маңызды іргетас. Тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады.
Ақпараттық жүйелер бөлімінің студенті Күмісбаев Ернияз 101 ПО
#отбасылыққұндылықтар #семейныеценности
@aqtobe_bilim_basqarmasy