Ағымдағы жылдың 29 қаңтар күні «Әлеуметтік-қоғамдық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы» пәнінен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы аясында Алаш қайраткерлеріне арналған «Алаш арыстары: соңғы сөз, соңғы сурет» тақырыбына танымдық сағат өткізілді. Сабақтың мақсаты: елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларын дәріптеп, студенттерді отансүйгіштік пен патриотизмге тәрбиелеу. Танымдық сабаққа 101АТ және 101ПГ топтары студенттері мен оқытушылары қатысты.