Бүгін 1-қыркүйек білім күніне арналған «БІЛІМДІ ҰРПАҚ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» атты «Ақпараттық жүйелер» бөлімінде 14 топта Zoom платформасында онлайн тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты студенттерге халықтың дәстүрлі мерекесіне арналған Білім мерекесінің мәнін ұғындыру, таным белсенділіктерін арттыру. Олай болса тәрбие сағатының бірінші бөлімі БІЛІМ КҮНІНЕ арналды. Тәрбие сағатының екінші бөлімі Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған болатын. «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» деп ғалымның өзі айтқандай, тәрбие сағатының келесі бөлімін Әл-Фарабидің туғанына 1150 жылдығына арналды. Студенттерге елімізде болып жатқан індет туралыда біраз ақпарат берілді. Індеттің таралуының алдын алу шаралары, аурудың белгілері мен сақтану амалдары сияқты тың мәліметтермен қамтамсыз етілді.