Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы” Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусымда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен бірлігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі болып табылады. Мемлекеттік ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік гимн Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері болып табылады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген. Шаңырақтың оң және сол жақтарында аты аңызға айналған қанатты жылқылар бейнеленген. Жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында “ҚАЗАҚСТАН”деген жазу бар. Аңыздардағы жұлдыздың, шаңырақтың, үйктердің, қанатты жылқылардың бейнесі, сондай — ақ “Қазақстан” деген жазу-алтын.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары-белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы-ортасында күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бар тік бұрышты көк мата. Тудың тұтқасына тік жолақ түрінде ұлттық мотив нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы-Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шәкен Ниязбеков.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

Бұрын “менің Қазақстаным” деген атпен танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылғы 6 қаңтарда Парламентте бекітілді. Ол алғаш рет 2006 жылғы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы: Шәмші Қалдаяқов өлеңдері: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Гимн бейнелері бар лицензиялық баспа өнімдерімен рәсімделеді. Ту және Елтаңба көлемі бөлменің биіктігіне байланысты. Басшы үстелінің сол жағында орналастырылған.

Елтаңба – соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе ғимараттың кіреберіс маңдайшасында орналастырылады.
Елтаңбаның көлемдісін орындау қолданылады.
Мемлекеттік Ту ғимаратқа кіреберіс маңдайшада немесе төбесінде орналастырылады
– ашық ауада ұшсыз Ту қолданылады.

2021-2022 оқу жылы ҚР рәміздерінің орналасу тәртібі, стандартқа сай орналасуы, мекемеде рәміздердің жай күйін қадағалау бойынша комиссия отырысы.

image image image image