Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА КОЛЛЕДЖДЕГІ ОҚУ-ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

04

ОҚУ - ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА

          2019-2020 оқу жылының оқу – өндірістік жұмысы бекітілген оқу – өндірістік жұмыс жоспарымен жүргізіледі. Өндірістік практика мекеменің негізгі ережесімен және өндірістік практиканы өткізуде ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016ж. 29.01.№ 107 бұйрығы негізінде орындалады.
Өндірістік практика оқу жұмыс бағдарламалары және оқу жұмыс жоспарларына  сәйкес оқу, өндірістік, дипломалды практикамен анықталады.  Әр практика түрінің өз мақсаты мен негізгі міндеттері бар. Циклдік – әдістемелік комиссия отырысында өндірістік практиканың жұмыс жоспары қаралады.
Оқу практикасы:  келісілген оқу жұмыс жоспарымен өткізілді, студенттер практика соңында комиссия мүшелерінің алдында біліктілік емтиханын тапсырды, комиссия мүшесіне ретінде мекемелерден мамандар шақырылады және практиканың соңында Мемлекеттік стандартқа сәйкес жұмысшы мамандықтарын алады.
Өндірістік практика: жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес бекітілген конференция ұйымдастырылады, содан кейін үш жақты келісімшартқа сәйкес студенттер практикадан өтеді.
Практика аяқталғаннан кейін қорытынды конференция өткізілді,  студенттер практика соңында біліктілік емтихан тапсырады, комиссия мүшесі ретінде әрбір мамандықтан мекеме өкілеттері шақырылды және емтиханнан алған бағаға сәйкес қорытындысы негізінде жұмысшы мамандықтарын алды төмендегідей:
Дипломалды практика:дипломалды практика өндіріс өкілдерімен және колледж директорымен келісіліп бекітіліп, өткізіледі.
  Колледж студенттерінің Ақтөбе облысының ірі кәсіпорындары мен мекемелерінде өндірістік тәжірибе өтуін талдай отырып, студенттер төмендегі мекемелермен келісім шарт негізінде практикадан өтуге жіберілгендігін айтқымыз келеді:
  •  «СНПС-АМГ»
  • «АЗНО»
  • ЖШС «КТП»
  • «Ақтөбе ТЭЦ»
  • «ТНК-Казхром» АҚ ДГОК
  • «АЗХС»
  • «ИнтергазАЗИЯ»
  • «КМК Мұнай»
  • ЖШС «Актюбглавснаб»
  • «Қазтелеком» АҚ
  • «Ақбұлақ» АҚ.
 
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда кәсіпорындармен қол қойылған меморандумдар саны жылдан жылға арта түсуде:
Салыстырмалы анализ
 
Уақыты
2017-2018
2018-2019
2019-2020
Келісімшарт саны
25
34
35
 
 
Алдыңғы жылдармен салыстырғанда кәсіпорындармен қол қойылған 2-жақты келісім-шартпен жұмыс жасап жатқан кәсіп орындар саны:
 
Уақыты
2017-2018
2018-2019
2019-2020
Келісімшарт саны
73
127
143
 
Құрметті студенттер және ата-аналар есіне дипломнан бөлек қосымша алынатын жұмысшы мамандықтар алуға мүмкіншіліктері бар:

            токарлық ісі

            дәнекерлеу ісі

            слесарь жөндеуші

            электромонтер

            электрогазбен дәнекерлеуші

            автокөлікті жөндеу бойынша слесарь

            слесарь КИП и А

            тігінші

            тас қалаушы

            сылақшы

            бетоншы

            ағылшын тілін үйрену

            іс қағаздарын жүргізу

            автоэлектрик

            3-санатты мұнай және газ өндіру операторы

            3-санатты химиялық талдау лаборанты

            «AutoCAD» бағдарламасы

            электр құрастырушы

            1С бухгалтерия

            «SANA» бағдарламасы

            3-санатты ұңғыларды зерттеу операторы

            дербес компьютер операторы

            бекітіп ілуші

            3-санатты ұңғыны күрделі жөндеу бұрғылаушының көмекшісі

            күкірт сутекпен жұмыс жасау қауіпсіздігі

            3-санатты жарықтандыру жүйесінің электр құрастырушы

            Scada Hml Simplicity

            3-санатты ауа желісінің электр құрастырушысы

            3-санатты жарықтандыру желісінің электр жөндеушісі

            компьютерлік графика

            ДК-модернизация

            3D модельдеу

            WEB – бағдарламалау

            «JAVA» тілінде бағдарламалау

            1С бағдарламасын сүймелдеу

            3-санатты арматурашы

            3-санатты токарь

            автокөлікке диагностика жүргізу операторы

            3-санатты технологиялық қондырғылардың операторы.

Сұрақтарыңыз бойынша мәлімет алуға № 21, № 117 кабинет және де төмендегі телефон номерлеріне хабарласуларыңызға болады: 8(701)621-51-82, 8(701)465-33-86.