Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«СТУДЕНТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОЖҮЙЕСІ»

 Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі – Еуразиялық топтың бастамасымен жастардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға бағытталған жоба. Жобаның серіктестері – «Алматы Менеджмент Университеті» және «Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТҚ.

ERG  – Қазақстан Республикасының тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бірі кіретін әртараптандырылған ірі холдинг. Компания өзінің негізгі қызметімен қатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен жүйелі түрде айналысады.

Еуразиялық топ «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасын республика бойынша төрт өңірде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында жүзеге асыруда. Кәсіпкерлік орталықтар Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжінде жұмыс жасайды. Екі жыл ішінде аталмыш оқу орындарында кәсіпкерлік негіздері пәні енгізіліп, студенттер «Кемел кәсіпкер», Project Day бизнес чемпионатына өз жұмыстарын ұсынды. Бизнес жобалар чемпионаттарының жеңімпаздары республикалық жобаларға қатысуға жолдамалар алды. 2019 жылдың 19 – 25 тамыз аралығында кәсіпкерлікке икемі бар студенттеріміз Павлодар облысы Ақсу ауданында орналасқан «BigIdeasCamp» жазғы кәсіпкерлік лагерінде отандық, шетелдік бизнес сарапшылардан шеберлік сабақтарын алып, тренингтерден өтті.

2019 жылдың 20 қыркүйек күні Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің Жазғы кәсіпкерлік лагерінің қатысушылары «Экономикалық пәндер» ЦӘБ оқытушыларының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттеріне «Кәсіпкерліктегі инновациялар» тақырыбында тренинг өткізді.

         Шараның мақсаты – «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесі» жобасын және студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту.

        

 

«Экономикалық пәндер» ЦӘБ