Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Қазыналы құт тілім!

2019 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 13-30да колледждің мәжіліс залында «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің факторы» қалалық тіл апталығының аясында «Қазыналы құт тілім!» атты әдеби кеш өтті. Колледж студенттері ақтөбелік қаламгерлер: ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Қуанышева Гүлімай Әбішқызымен, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы, «Жаңалықтар» жүргізушісі Қонысбек Терекұлымен, «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің маманы Сейтенова Базаргүл Ғұбайдоллақызымен кездесіп, тілдің құдіретті күші, тілдің қоғамдағы адамзат ойын тәрбиелеудегі рөлі жайында ой бөлісті.