Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

2019 жылдың 9 қыркүйек күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйек күнгі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын студенттерге түсіндіру, насихаттау мақсатында ақпараттық топ өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге еңбек ардагері, “Бейбітшілік және келісім кеңесі” ҚБ АОФ төрағасы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еспағанбетов Келдібай Еспағанбетұлы, білім басқармасының бас маманы Жақсыбаев Нұркен Әбдірзақұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Умбетбаев Кайрат Досжанович, тәрбие ісі жөніндегі әдістер Джукетаева Ақгүл Райымбекқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Сайлыбай Ғасыржан Болатұлы мен колледждің оқытушылары, студенттері қатысты.
Кездесу барысында жолдауда айтылған басым бағыттарға нақты түсіндірме берілді. Сондай-ақ ардагерлер болашаққа нық қадам жасауда талмай еңбектенуге, оқу-тәрбиеде жетістікке ұмтылып, білімді, белсенді жастардың қатарында болуға шақырды.