2019 жылғы 12 ақпанда «Өрлеу» БАҰО Ақтөбе біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірге «Жаңа әліпби – ұлт болашағының негізі» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – латын әліпбиіне көшудегі нақты қадамдар туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу. Семинарға Ақтөбе облысы колледждері мен мектептерінің қазақ тілі және әдебиеті 15 оқытушысы қатысты.
Семинар барысында «Латын әліпбиіне көшу тәжірибесі: кейбір мәселелері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оған Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Садуақас Нұрбол Әбділлаұлы қатысты.
Дөңгелек үстелден соң семинар қатысушылары: Г.Алашбаеваның «М.Жұмабаев шығармашылығы латын әліпбиі аясында» тақырыбында ашық сабағына, Р.Байжанованың «Кәсіби қазақ тілін оқытуда CLIL әдісін қолдану» шеберлік сағатына, Ж.Сейтмаганбетова және Н.Сакебаеваның «Іскерлік қағаздарды рәсімдеу мен құрастыруда ақпараттық технологияларды қолдану» бинарлық шеберлік сағаттарына, Б.Қобдабаева және Ж.Нуринаның «А.Байтұрсынов және латын әліпбиі» тақырыбындағы бинарлық сабағына, С.Мухамбетованың «Обучение казахского «латинского» алфавита с помощью английского языка» тақырыбындағы ашық сабағына, Г. Адилканованың «Латын әліпбиі: бүгіні мен болашағы» тақырыбында брейн-рингіне қатысып, тәжірибе алмасты.