Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ағымдағы жылдың 3-сәуір күні «PC repair and upgrade» тақырыбында 2 курстар арасында командалық сайыс өткізілді.

Ағымдағы жылдың 3-сәуір күні «PC repair and upgrade» тақырыбында 2 курстар арасында командалық сайыс өткізілді. Сайысқа 201ПО, 203ПО, 204ПО, 206ПО топтары қатысты. Сайысқа колледж әдіскерлері С.Ескалиева және М.Молдабаева, ЦӘБ төрайымы Ш.Кобдабаева және ЦӘБ оқытушылары қатысты.
Сайыстың мақсаты: «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенттері арасындағы білім және біліктілік сапасын тексеру мақсатында:
• ДК жүйелік блогына жүйелі қызмет көрсету бойынша білім мен дағдыларды жетілдіру;
• жүйелік блокты құрастыру бойынша теориялық білімдерін практикада қолдануды, студенттердің бірлесіп жұмыс істеу кезінде коммуникациялық дағдыларды меңгеруін үйрету және жеке қызығушылығын нығайту;
• таңдаған мамандығына қызығушылығын, жұмыс істеу дағдысын дамытуға ықпал ету топтық, өзіндік жұмыс, ақпаратты және коммуникацияны пайдалану дағдылары кәсіби қызметтегі технологиялар.