Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Қазақстан қала мәдениетінің  дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі»

2023жылдың 15-ші наурызы күні «Тіл мен тарих – ғасырлар куәсі» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығы аясында оқытушы Г.С.Елтезерованың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша «Қазақстан қала мәдениетінің  дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбына ашық сабағы өтті. Жаңа технологиялық және интербелсенді әдістерді, ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып білім алушылардың  пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында топтық, жұптық жұмыстарды шебер жүргізе білді. Сабаққа колледж әдіскерлері мен оқытушылар қатысты.