Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кемел Кәсіпкер: Бизнес-кейс шешу чемпионаты Қазақстандағы «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесіне» өңір жастарын тартуды жалғастыруда

Кемел Кәсіпкер: Бизнес-кейс шешу чемпионаты Қазақстандағы «Студенттік кәсіпкерліктің экожүйесіне» өңір жастарын тартуды жалғастыруда

Eurasian Resources Group (ERG), Алматы менеджмент университетінің Кәсіпкерлік және инновациялар мектебі (SEI) және Қазақстандағы Тель-Авив университетінің достары қауымдастығымен бірлесіп Кемел Кәсіпкер кезекті іскерлік кейс чемпионатын жариялады. 2022 жылдың 7-12 желтоқсан аралығында Қазақстанның төрт облысында «Кемел кәсіпкер» бизнес кейстерді шешу бойынша республикалық чемпионат өтеді.

Kemel Kasipker – бұл іскерлік ойындар сериясы болып табылады, оның барысында қатысушылар бизнес-кеңесші ретінде қазақстандық және халықаралық компаниялардан түрлі бизнес мәселелерін шешудің ықтимал жолдарын ұсынады.
Студенттер екі-төрт адамнан тұратын командалар құрады және Чемпионатқа қатысуға өтінімдерін онлайн форма арқылы жібереді: https://clck.ru/32ovzj

Жобаның серіктес университеттері: Қарағанды медициналық университеті, Инновациялық Еуразия университеті, Торайғыров атындағы университет, ИнЕУ жоғары колледжі, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті., Рудный индустриалды институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжі.