Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Оқу көшбасшысы”. Викторина .

2022 жылғы 17 қазанда 506 кабинетте”Оқу колледжі” тұжырымдамасы аясында колледж кітапхана меңгерушісі. И. Н. Авдеева мен Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Б.Ж. Қобдабаева және 102 АС тобымен бірлесіп, “Оқу көшбасшысы”тақырыбында викторина өткізілді.
Викторинаның мақсаты: әр түрлі іс-шаралар арқылы кітапқа, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, қызығушылықты қалыптастыру, өз қабілеттерін, тапқырлығын белсенді түрде көрсету дағдыларына дамыту.
Кездесу басында студенттер викторинаға қатысудың негізгі ережелерімен таныстырылды
Ойыншылар үш командаларға бөлінді және викторина төрт турдан тұрды.
I тур-командаларды ұсыну, тақырып, ұран.
II тур – “Тарих білгірлері”,
III тур – “Қазақ әдебиетінің білгірлері”,
IV тур – “Ертегілер білгірлері”
Викторинаның төрт турының әрқайсысында студенттер осы тақырыптарға қатысты түрлі сұрақтарға жауап берді.
Викторина қорытындысы бойынша үздік командалар грамоталармен марапатталды.
1- орын «Жігіттер» тобы.
2- орын «Алаш» тобы.
3- орын «Білгірлер» тобы.
Викторина студенттердің көркем әдебиетті оқуда ғана емес, сонымен қатар деректі прозаны, ғылыми және публицистикалық әдебиеттерді, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналған әдебиеттерді оқуда қаншалықты жан-жақты дамығанын тексеруге, білімдерін тексеруге және бекітуге, ой-өрісін, бейнелі және логикалық ойлауын кеңейтуге мүмкіндік берді.
Студенттер жақсы білімдерін көрсете отырып, викторинаға үлкен қуанышпен қатысты.