Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

«Біз Абайды білеміз,оқимыз бағалаймыз» атты әдеби аукцион

2022 жылдың 10 қазанында 209 кабинетте “Оқуға құштар колледж” атты тұжырымдама аясында кітапхана меңгерушісі. И Н. Авдеева, Жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Б. Ж. Кобдабаева және 102 АС тобымен бірлесіп “Біз Абайды білеміз, оқимыз бағалаймыз” тақырыбында әдеби аукцион өткізілді.
Аукционның мақсаты: студенттердің Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Абайдың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу.
Кездесу басында студенттерге аукционның не екенін және оған қатысудың негізгі ережелерімен таныстырылды. Ойыншылар үш командаға бөлінді. Аукцион төрт лоттан тұрды.
Б.Ж. Кобдабаева қазақтың ұлы ақыны, жазушы, ағартушы, аудармашы және композитор Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берді. Аукционның алғашқы лотында, командалард өздерін таныстыру қажет, әрі қарай осы тақырып бойынша ақыл-ой картасын жасау, викторинаға, сұрақтарға жауап беру.
Аукцион қорытындысы бойынша үздік командалар грамоталармен марапатталды. Әдеби аукционды Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі толықтырді. Кітапхана меңгерушісі И. Н. Авдеева кітап көрмесіне шолу жасады.
Іс-шараға қатысушылар жақсы білімдерін көрсете білді және әдеби аукционға үлкен ықыласпен қатысты.
Шараға Жалпы білім беру пәндерінің меңгерушісі Қ. М. Қылышбаева және Т. К. Абдримова қатысты.
Ұйымдастырушылар: Жалпы білім беру пәндері бөлімі, И. Н. Авдеева, Б.Ж. Кобдабаева