Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Заң өкілдерімен кездесу

24 ақпанда кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында заң өкілдерімен кездесу жалғасуда.

Мақсаты:
🔺Құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, құқықтық тәртіпті нығайтуға, студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге және жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған жұмысты жандандыру.

️️✔️Тәрбие бөлімін колледж инспекторы Ұлан Ещанов ұйымдастырды және бөлім меңгерушілері әкімшілік және қылмыстық заңнаманың негізгі ережелерін түсіндірді, кәмелетке толмағандар тарапынан құқық бұзушылықтар, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы айтты.