Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Кәсіби шеберліктен “Worldskills Aktobe 2022” өңірлік чемпионатының жабылу салтанаты өтті

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың мамыр айының 24 күні Студенттер сарайында 2022 жылдың 18-24 мамыр аралығында өткен кәсіби шеберлікті шыңдайтын “Worldskills Aktobe 2022” аймақтық чемпионатының жабылу салтанаты өткізілді.
Жұмысшы мамандығының кәсіптік шеберлігін шындау мақсатында өтетін “Worldskills Aktobe 2022” аймақтық іріктеу чемпионатына Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі атынан 16-21 жас аралығындағы 34 білім алушы төмендегі 24 құзыреттілік бойынша өздерінің бақтарын сынады.
Осы чемпионатта колледж білім алушылары құзыреттіліктер бойынша жақсы нәтижелерімен қуантты.
Аймақтық чемпионат бойынша колледж нәтижесін атап өтсек:
І ОРЫН АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН 9 ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БОЙЫНША 10 БІЛІМ АЛУШЫ;
ІІ ОРЫН КҮМІС МЕДАЛЬМЕН 9 ҚҰЗЫРЕТТІІК БОЙЫНША 9 БІЛІМ АЛУШЫ;
ІІІ ОРЫН ҚОЛА МЕДАЛЬМЕН 7 ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БОЙЫНША 8 БІЛІМ АЛУШЫ;
МЕДАЛЬОНМЕН 2 ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БОЙЫНША 2 БІЛІМ АЛУШЫ;