Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28-і күні «Электрмен қамтамасыз ету» апталығы аясында «Электрмен қамтамасыз ету мамандығын жетік меңгеру – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті.

Ағымдағы жылдың сәуір айының 28-і күні «Электрмен қамтамасыз ету» апталығы аясында «Электрмен қамтамасыз ету мамандығын жетік меңгеру – заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Электрмен қамтамасыз ету мамандығының маңыздылығын қоғамдағы орнын, болашақ энергетик, электр энергиясының тиімділігін меңгеру, мамандыққа қызығушылықты дамыту жолдарын талқылауға салу, қолдану аясын кеңейту туралы пікір алмасу.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар арнайы пән оқытушылары Айтказиева Г.С және Сәлімкерей Г.
Дөңгелек үстелге «Электрмен қамтамасыз ету» ЦӘБ-нің арнайы пән оқытушылары мен 201 ЭЛ, 203 ЭЛ тобы студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелге «KEGOC» АҚ ның СРЗ және Э басшысы Нұрлан Азамат Нұрланұлы келді.Студенттермен мамандықтың маңыздылығы, теориямен тәжірибенің тығыз байланысын, жеткен жетістіктерімен бөлісе отырып, білім алушыларымызға мамандыққа деген қызығушылықтарын арттырды.
Шара барысында арнайы пән оқытушылары баяндама жасады:
«Жас маман жобасы жастарға жол ашады»–баяндамашы:Сәлімкерей Г(5 мин)
«Күн энергиясын пайдалану маңыздылығы» – баяндамашы:Медиев Н (5 мин).
Шара өз мәресіне жетті, директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Утеулиев Ержан Бақтыбаевич қорытындылады.