Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

“Электрмен қамтамасыз ету” мамандығының арнайы полигонында шебер сынып сабағын өткізді

Ағымдағы жылдың 27.04.2022 күні “Электрмен қамтамасыз ету” циклдік әдістемелік бірлестігінің оқытушылары Сукенов С, Ергалиев Т, Ізімов Ғ колледждің арнайы оқыту полигонында шебер сынып сабағын өткізді. Оқыту барысында студенттер әуе желісінің жабдықтарын монтаждау әдістері мен жұмыстар жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерімен танысты.
Шебер-классқа директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Утеулиев Е.Б, директордың оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Мухтаров А.Т және колледж әдіскерлері, колледж оқытушылары қатысты.