Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

2022 жылдың 20 сәуірінде № 72 IT мектеп-лицейінің 9-сынып және 11-сынып түлектерімен Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің “Ақпараттық жүйелер” бөлімінің оқытушылары кездесті.

2022 жылдың 20 сәуірінде № 72 IT мектеп-лицейінің 9-сынып және 11-сынып түлектерімен Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің “Ақпараттық жүйелер” бөлімінің оқытушылары кездесті.
Колледж өкілдері Агыбаева Ақмарал Нұрпеисовна, Ялғашбаева Ақмарал Сүндетбайқызы жәнеНурина Жазира Калимухановна оқушыларға кәсіптік орта білім беру деңгейінде жұмысшы мамандықтары мен мамандықтарының 13 бағыты бойынша дайындық жүргізіп жатқанын айтты. Олардың арасында сұранысқа ие және болашағы бар “Бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандықтарының бірі ретінде колледж өкілдері IT-құзыреттіліктегі соңғы технологиялар бойынша колледжді жабдықтау туралы айтып берді.
Оқушыларға барлық бағыттар бойынша оқытудың түрлері мен ұзақтығы туралы айтылды. Оқушыларға сауалнама жүргізілді. 2022 жылғы қабылдау науқанының барлық қыр-сырымен танысты:
– оқуға түсу үшін қандай құжаттар қажет;
– құжаттарды тапсыру мерзімі;
– мамандыққа қабылдау шарттарымен таныстырды.
Кездесудің әрбір қатысушысы Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі туралы маңызды және қажетті ақпаратты, сондай-ақ “Абитурентке 2022″буклетін алды.
Кездесу соңында қонақтар 9 сынып түлектеріне қорытынды емтихандарда сәттілік тіледі.