Педагогикалық құрамЖобаларБөлімшелер

ОЛИМПИАДА «ҮЗДІК БУХГАЛТЕР»

2022 жылдың 19 сәуірінде «Экономика әлемінде» пәндік апталығының шеңберінде оқытушы М.Есетованың ұйымдастыруымен «АП 01. Қаржылық есеп» пәні бойынша «Үздік бухгалтер» атты олимпиада өткізілді.
Кәсіби байқауға 0518000 «Есеп және аудит» 201Б, 202Б топтарынан 14 білім алушы қатысты.
Олимпиаданың мақсаты: білім алушылардың таңдаған «Есеп және аудит» мамандығына қызығушылықтарын арттыру, заманауи экономикалық ойларын дамыту, аса қабілетті студенттерді анықтау және оларды ғылыми, тәжірибелік жұмыстарға тарту, мамандық студенттері арасында өзара байланыстарды дамыту.
Олимпиада екі турда өткізілді. Бірінші тур тесттерді шешу (бухгалтерлік есеп теориясы, қаржылық есеп және есептілік, Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті нормативтік реттеу жүйесі бойынша 30 сұрақ).
Екінші тур: бастапқы деректер негізінде бухгалтерлік баланс құру, шоттар ашу, шоттар бойынша сальдо кезең соңына шығару, айналым тізімдемесін толтыру және соңғы баланс құру бойынша есеп шығару.
Олимпиада нәтижесінде 201Б тобының студенті Байкенова Камила мен 202Б тобының студенті Хохлова Татьяна «Үздік бухгалтер» атанып, І дәрежелі дипломға ие болды.
ІІ орын: Бисенова Мәдина, Булатова Мәдина, Жулдасова Наргиза, Утегенова Мадина, Уразбаев Алишер
ІІІ орын: Жанкеева Камила, Тенелова Жанэль, Қоңырбаева Альбина, Қуанышбай Інжу, Даутова Карина, Өтешев Данияр. Умергалиева Алина қатысқаны үшін сертификат иеленді.